Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің мұнай саласындағы ең беделді тұлғалар анықталды

Опубликовано:

Қазақстанның мұнай және газ нарығындағы 50 беделді тұлға анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik Казахстан, Obozrenie.kz, Today.kz
Фото: Sputnik Казахстан, Obozrenie.kz, Today.kz: UGC

Бұл зерттеуді мұнай қызметі компаниялары бірлестігінің Kazservice ақпараттық-сараптамалық басылымы даярлаған.

Нәтижесінде, тізімнің көшін Тимур Құлыбаев бастаған. Ол 2015 жылдан бері Kazenergy мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдары ассосациясының басшысы қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, Құлыбаев 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиумын басқаруда.

Рейтингтің екінші орнын Қанат Бозымбаев иеленген. 2016 жылдың наурыз айынан бастап энергетика министрі атанған ол әр уақытта "KEGOC" Акционерлік қоғамының, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің басшысы қызметін атқарған.

Тізімнің үшінші орны Сауыт Мыңбаевқа бұйырыпты. Ол 2013 жылдың маусым айынан бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясын басқарған. Ал одан бұрын мұнай және газ министрі, оның алдында энергетика министрі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1751225-elimizdi-mnaj-salasyndagy-e-bedeldi-tlgalar-anyktaldy/

pixel