RU
Мешітте отырып азан шақырған отандық әнші елді сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мешітте отырып азан шақырған отандық әнші елді сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші желіге азан шақырып отырған видеосын жүктеп елді сүйсіндірді. Интернет қолданушылары Ердос Қанаевтың игі ісіне тәнті болып, өзінің ыстық ықыласын білдірді деп жазады NUR.KZ.

"Жігіттер" квартетінің әншісі мешітте отырып азан шақырған видеосын өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған. Оның астына әнші мынадай жазба қалдырған:

"Алланың қалауымен құптан намазына азан шақырдық.Алладан аxиретте азаншылардың қатарында болуымызды үміт етеміз"

Желі оқырмандары отандық шоу-бизнес өкілінің бейнежазбасына риза болып, өзінің оң пікірлерін жаудырған.

"Алла разы болсын сізге"
"Сіздей ағаларымыз аман болсын. Көп жасаңыз"
"Даусыңыз тамаша екен. Біздің мешіттегі кісілер бұлай оқи алмайды"
"МашАлла даусыңыз керемет. Тыңдай бергің келеді", - деп жазды желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
1
22
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel