RU
Қарағандылық жігіт отбасымен бірге Ауғанстан шекарасында қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық жігіт отбасымен бірге Ауғанстан шекарасында қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Мысыр еліне оқуға барған қарағандылық Еркін Бексейітов әйелімен біргеауған-пәкістандық шекарадағы әскери іс-қимыл кезінде қаза тапқан. Анықталғандай, ерлі-зайыптылардың балаларын басқа бөтен әйел асырап алды деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: Xeberoxu.az

фото: Xeberoxu.az

2012 жылы Еркін Бексейітов әйелі мен екі баласын алып Александрияға имам мамандағыны оқып шығуға аттанған. Ол жерде ерлі-зайыптылардың үшінші баласы туылды.

Қарағандылық ер азаматтың әпкесі Ғанибет Тажмағамбетованың айтуынша, алғашқы жарты жыл олардың жағдайы еш өзгерісіз жақсы болған. Алайда, уақыт өте олар төрт ай бойы байланысқа шықпай, жоқ болып кеткен.

"Ол қоңырау шалып, Пәкістандағы Пешавар қаласында сатушы болып қызмет етіп жатқанын хабарлады. Еркін сол кездегі жағдайы онша еместігін түсіндірді", - деп айтты марқұмның әпкесі.

Ер адамның туыстары оған бірден елге оралуын айтқан. Ол 2013 жылдың соңына қарай қайтып келуге уәде еткенімен, уақыт өте тағы да байланысқа шықпай жоқ болып кеткен.

Ал мамыр айында әйел адамға бейтаныс біреу хабарласып, Еркін мен оның әйелінің қаза тапқан хабарлаған. Оған қоса, ол ерлі-зайыптылардың ортанғы баласының ауыр дерт салдарынан көз жұмғанын да айтты.

Уақыт өте келе Ғанибетке Айдана есімді келіншектен хат келді. Онда ол Еркін мен әйелінің әскери іс-қимыл аумағына кеткелі бері, екі баланы өзі тәрбиелеп отырғанын жеткізді. Оның үстіне әйел адам қарағандылық азаматтың қауіпті аймаққа барудан басқа амалы болмағанын да айта кеткен.

Болған істің мән-жайын білу мақсатында Ғанибет Таяу Шығыстың елшілігіне жүгініп, жиендерінің қайда екенін анықтауға кіріскен. Нәтижесінде балақайлар Сириядағы Суса елді мекенінде болғаны анықталды.

Жиендерін елге қайтарып алуға үмітті келіншек президент канцеляриясы мен Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel