RU
Семейде ер адам қызымен жасты әйел үшін 70-тен асқан ата-анасын үйінен қуып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Семейде ер адам қызымен жасты әйел үшін 70-тен асқан ата-анасын үйінен қуып шықты

Рассказать Вконтакте

Семейлік Асхат есміді ақсақал ұлы мен оның жас келіншегінің кесірінен 70-тен асқан шағында далада қалған. Ақсақал ұйып отырған шаңырағының шайқалуына 50-ге тақаған ұлының жас әйелі кінәлі деп отыр. Бұл туралы newtimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Знамя

Көрнекі фото: Знамя

Семейлік қарияның айтуынша, жалғыз ұлы үйіне жас қызды әкеліп, шаңырағын шайқалтқан көрінеді. Қария "осындай ессіз бала "тәрбелегеніне" күйініп отыр.

"Бәйбішеміз екеуміз жас шағымызда екі бірдей нәрестемізден аырылып қалдық. Шақалақ кезінде екеуі де шетініп кетті. Кейін өмірге Дәулет келді. Мен ауылымда беделім мен қызметім бар адам болдым. Анасы екеуміз Дәулеттен ештеңені аямадық. Оған бірнеше шетел тілін меңгертіп, Санкт-Петербургқа оқуға аттандырдық.

Оқуын бітіріп келген соң, ол осында кәсібін ашып, өз ісін дөңгелетіп әкетті. Қайырымдылықпен де айналысып жүрді. Туған ауылымызға мешіт те салып берді. Бірінші әйеліне 24 жасында үйленген еді. Екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиеледі. Мәселенің бәрі өміріне жас қыз келгелі басталды", - дейді қария.

Асхат ақсақалдың айтуынша, ұлының екінші әйелінің жасы небары 23-те екен. Бұған қоса жас келіндері темекі шегіп, ішімдік ішетін көрінеді.

"Біз негізі бұрыннан бастап бәйбішем екеуміз бөлек тұратынбыз. Оған кейінгі жылдары денсаулығымыз келмей, Дәулет пен бірінші әйелі Гүлмираның үйіне көшкен едік. Ол ешқашан біздің бетімізден алған емес. Керісінше қас-қабағымызға қарап, бізді барынша сыйлауға тырысатын. Екеуі бәрін бірге көрген еді, жоқшылықты да, тоқшылықты да. Бірақ не керек, ана жас қыз үшін ажырасып тынды.

Қазір ол Алматыдағы немеремнің қолында тұрады. Ал, ана Айлин есімді екінші әйелі тәрбиеден жұрдай. Темекі тартады, шарап ішеді. Бұған қоса бізді де үйге сыйғызбады. Соңғы рет тіпті "қашан сендерден құтылады екенмін" деп салды. Сол сөзіне шыдамай жағынан тартып жіберіп едім, үйден қуылып тындық. Қазақпыз ғой, немерелеріме тәубе деймін. Бізді далаға тастамай, Алматыға қолына алды.

Бірақ жалғыз ұлыма алаңдаймын. Ана ажс келіншек ақшасын оңды-солды шашып, ертең тайып тұрады. Өзі де қазір күн сайын ішуді шығарыпты. Немерелерім мен Гүлмираның көңілі қалған, ертең қайтып келген күннің өзінде кешіре алмайды деп ойлаймын. Жалғыз ұлыма далада қала ма деп қорқамын. Қандай болса да өз ұлым ғой",-деп әңгімесін аяқтады қария.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
2
9
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel