RU
Ақтөбеде қорым өртеніп, жүздеген бейітке зақым келді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде қорым өртеніп, жүздеген бейітке зақым келді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде өртенген қорым салдарынан жүздеген бейітке зақым келген. Онда жерленген марқұмдардың туыстары орын алған оқиғаға қатысты өз наразылығн білдіруде деп жазады diapazon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: diapazon.kz

Фото: diapazon.kz

Нина Павлова есімді зейнеткер өртке оранған жерде жақын туыстары жерленгенін айтып, қурап қалған ағаштардың аз болғанында өрттің де көлемі шамалы шығарын болжады.

"Ол жерде анам, апам және ұлым жерленген. Өрттен кейінгі бейіттерді көргенімде жүрегім ауырды. Ағаштан жасалынған кресттердің барлығы өртеніп кеткен. Жалын жүздеген зираттарды қиратып тастады. Марқұмдар алдында ұят. Әдейі істелінді ме білмеймін. Бірақ қурап қалған ағаштардың аз болғанын да өрт те шамалы шығар еді.

Әкімшілік хабарландыру беріп, барлығымыз бірлесе барып ол жерді тазаласақ жақсы болатын еді", - деп өз жанайқайын жеткізді әжей.

Облыстық ІІД оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме берді.

"Көне қорымдар маңында қураған шөп өртеніп, жалын бес гектарды жайлаған. Оқиға орнына 17 өрт сөндіруші мен төрт арнайы техника жұмылдырылды", - деп айтты ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel