RU
Қартайған анасын жылатып алған Ұлықпан Жолдасовты ел сөгіп тастады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қартайған анасын жылатып алған Ұлықпан Жолдасовты ел сөгіп тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қалжыңдаймын деп егде тартқан анасын жылатып алған Ұлықпан Жолдасов халықтан сөз естіп қалды. Желіде таралған видеода танымал әнші әрі сазгер Астананың суығы туралы асыра айтып, әзілдеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Қартайған анасын жылатып алған Ұлықпан Жолдасов

Ұлықпан Жолдасов анасымен. Скриншот: instagram

Бұл туралы видеоны Instagram желісіне жариялаған KYN.KZ порталы жазады.

Немерелі болған Жолдасов өз анасының алдында әлі де еркелігі басылмаған бала екенін және әзілі жарасқан отбасы екенін көрсеткісі келген сияқты.

Бірақ желі қолданушылары сазгерді осы қылығы үшін әбден сынның астына алған.

"Өзім қасымда анам болса жылатып ойнап емес, басыма көтеріп, құшақтап сүйіп, күлдіруге тырысатын едім. Жасыңыз болса елуден асты. Анаңызды құшақтап, еміреніп отыратын адамсыз ғой", "Неге сонша анаңызға суықсыз? Кластасыңызбен сөйлесіп отырған сияқтысыз. Қанша жұлдыз болсаңыз да, ананың арқасында осылай жүргеніңізді түсінсеңіз қайтеді?", - деген сынды пікірлер көптеп жазылды видеоға.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
1
0
4
1
24
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel