RU
Девальвацияға да мен кінәлімін бе?: Атышулы Байзақова өзіне кінә тағатындарды сынап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Девальвацияға да мен кінәлімін бе?: Атышулы Байзақова өзіне кінә тағатындарды сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Атышулы Айжан Байзақова өзіне кінә артатын оқырмандарға жауап берді. Айтуынша, бойжеткенді қоғамдағы бар келеңсіздіктер үшін кінә тағушылар көбейіп кеткен екен. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: caravan.kz

Фото: caravan.kz

Атышулы бойжеткен өзінің Instagram парақшасында:

"Жаңа ғана ютубқа кірген едім. Қарасам ескерткіштің жанында билеген қазақ қаздары, жалаңаштанып суретке түскен әйелдер, жұбайларынан кетіп қалған еркектер үшін де бәріне кінәлі мен болып шығыппын. Пікірлердің дені "Бәрін құртып жатқан Байзақова" дегенге саяды. Әйтеуір, девальвация, зейнетақының аздығы мен Кеңес Одағының ыдырауына да мені кінәлі етпесеңіздер болды әйтеуір", - деп жазған.

Желі қолданушылары болса бойжеткеннің әзіл-шыны аралас жазбасына түрлі пікір білдірген. Олардың бірі "Дұрыс айтасыз, қазіргі қоғамның кейпі сол", "Ашық жазыпсыз, жарайсыз" деп мақтаса, енді бірі "Тағы да өз-өзіңізді жарнамалайсыз ба?", «Сізді де ақылды дей ме?" деп сынап тастаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel