RU
Алматыда мектеп оқушысы бірнеше бүлдіршінді тістеп тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда мектеп оқушысы бірнеше бүлдіршінді тістеп тастады

Рассказать Вконтакте

Алматыда мектеп формасын киген жеткіншек бірнеше балақай мен әйелді тістеп алған. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: fakty.ictv.ua

Көрнекі фото: fakty.ictv.ua

Оқиға 5 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында болған. Осы күні мектеп оқушысы бірден екі қызды тістеп алыпты.

"№35 мектептің хабарламасынан. Жаңалықтар әлі тыныш. Назар аударыңыздар! Біздің мектептің қасында төтенше жағдай болды. Троллейбустан жүгіріп шыққан жеткіншек екі қызды тістеп алды. Олардың бірі 3-сынып оқушысы.
Ол қоғамдық көлікте әйелдің қолынан тістеп, шыққан соң бір қыздың екі жерінен тістесе, екінші балақайдың басын тістеп алды. Полиция оны әлі тапқан жоқ. Татьяна Юрийқызы мен мектеп әкімшілігі балаларыңызды мектеп есігінен күтіп алып, шығарып салуды сұрайды", - деп жазды Facebook желісіне тұрғындар.

Бұл әрекетке барған бала 13-16 жаста көрінеді. Жәбірленушілердің айтуынша, арықтау келген балақай мектеп формасын киіп, иығына сөмке асынып алған екен.

"Бірінші ауысымнан кейін балалар ата-аналарымен үйге қайтты. Сол кезде бір балақай өз әпкесімен Достық-Қабанбай батыр қиылысында тұрған еді. Әпкесі телефонмен сөйлесіп тұрған. Сол кезде ойда жоқта пайда болған жеткіншек қызды тістеп алды. Оның көзқарасы да өзгеше еді. Барлығы бірер секундтың ішінде орын алып үлгерді. Әпкесі бүлдіршіннің басындағы терісін тістеп алғанын байқапты.
Бұл кезде бала 11 троллейбусқа мініп, Достық-Шевченко қиылысына дейін жетіп алыпты. Артынан аялдамада әкесімен тұрған мектеп оқушысын тістеп, Достық бойымен қашып кеткен екен. Осы уақытта қыздың әкесі мектепке жүгіріп келді. Біз жедел жәрдем шақырып, 102 нөміріне хабарластық. Қазір мектеп жанын бақылап жүрміз", - дейді мектеп директоры Ольга Прокопьева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
4
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel