RU
Немерелерін әнұранмен сүндеттеген Шымкент тұрғыны елді таң қалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Немерелерін әнұранмен сүндеттеген Шымкент тұрғыны елді таң қалдырды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тұратын әзірбайжан отбасы сүндет тойда еліміздің байрағын көтеріп, әнұранын орындаған. Бұл туралы Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: zamana.kz

Фото: zamana.kz

Шымкенттегі тойханалардың бірінде өткен бұл тойға 300 қонақ келген. Ал төрт немересін сүндеттетіп отырған әзірбайжан ұлт өкілі Мамажан Қасымов аталған кештің ерекше өткенін айтады.

Оның сөзінше, әкесі сталиндік қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға көшіп келген. Осылайша, ол осында туып-өсіп, қазақ балаларымен бірге өскен.

Мамажанның айтуынша, еліміздің туы тек қана жарыстар мен ресми іс-шараларда көтеріліп, әнұраны да сол кезде шырқалады екен. Ал ол өз немерелерінің Қазақстанға осындай жеңіс әкелуі үшін тойында көк туды көтеріп, әнұран орындағанын айтады.

"Тойға 300-дей қонақ шақырып едім. Әнұран орындалғанда солардың барлығы орындарынан тұрып, алақандарын жүрек тұсына қойып, Әнұранымызды бірге шырқады", - деді ол.

Қария бұл ұлан-асыр той халықтар достығының айқын дәлелі болғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол барлығы үшін Қазақстанға алғысы шексіз екенін айтты.

"Біз – әзірбайжан ұлтының өкілі болғанымызбен Қазақстан азаматымыз. Сондықтан Қазақстан азаматы ретінде қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мемлекеттік рәміздерін құрметтейміз. Жастарды соған үйретеміз" ,- деді Мамажан Қасымов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
9
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel