RU
Теміртаудың 28 жастағы тұрғыны төрт әйелге ВИЧ инфекциясын жұқтырған
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Теміртаудың 28 жастағы тұрғыны төрт әйелге ВИЧ инфекциясын жұқтырған

Рассказать Вконтакте

Теміртаудың 28 жастағы тұрғыны төрт әйелге ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Азаматшалардың бірі ғана бұл жайында құзырлы орындарға хабарлаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: publika.az

Фото: publika.az

Ирина есімді 19 жастағы ару Михаилмен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Бойжеткеннің айтуынша, жігіт оны зорлаған екен.

Осыған дейін ер адаммен кездесіп көрмеген ару оның виртуалды әлемде өзін сыпайы ұстағанын айтады.

Ал кездескен соң, өзін басқа қырынан көрсетіп, қызды зорлап тастаған.

"Бұл қайғысын бөліскен құрбысы Иринаға арнайы орталықтан тексерілуге кеңес берген. Олардың күдігі расталып, бойжеткен ВИЧ инфекциясын жұқтырған болып шықты", - дейді Қарағанды облысындағы ЖИТС-пен күрес орталығының қызметкерлері.

Айта кетейік, Михаил ЖИТС-пен күрес орталығында тіркеуде тұратын болып шықты. Ол өзінің дертін біле тұра, бойжеткендермен кездесіп, төсектес болған.

Қазір аталмыш азаматтың үстінен іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
4
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel