RU
Шебер демалушы: Әлемдегі ең керемет бос жұмыс орнына үміткер іздестірілуде
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шебер демалушы: Әлемдегі ең керемет бос жұмыс орнына үміткер іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

Мексикада әлемдегі ең керемет бос жұмыс орны пайда болды. Болашақ қызметкердің бар міндеті жұмыста шебер демалу болмақ. Бұл туралы Group Vidanta сайтына сілтеме жасаған Tasbaka сайты жазады.

Демалыс. Көрнекі фото: yandex.kz

Демалыс. Көрнекі фото: yandex.kz

Мексикалық компания елде күні бойы тек демалумен айналысатын қызметкерді іздестіруде.

Ол бір жыл бойы Мексиканың мәдениетімен танысып, жағажайда демалып, бұл туралы желіде жазып отыруы тиіс.

Қызметкерді елдің ең керемет жағажайына жайғастырып, оған демалыс үшін бар жағдайды жасайды. Бұл жұмысқа орналасқысы келетіндерден тек әңгіме-дүкен құра білу және ойын әдемі жеткізіп, көргендерін суретке түсіре білу талап етіледі.

Сату саласында тәжірибесі болса, нұр үстіне нұр. Жұмысқа үміткер болғыңыз келсе, 2018 жылдың 21 қазанына дейін түйіндемеңізді мексикалық компанияның сайтына жіберіп үлгеруіңіз керек. Қызметке кім қабылданғаны 1 қарашадан кейін анықталмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel