RU
Антибиотик қабылдаған келіншектің тілі адам танымастай өзгеріп кетті
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Антибиотик қабылдаған келіншектің тілі адам танымастай өзгеріп кетті

Рассказать Вконтакте

АҚШ дәрігерлері тіліне қара шаш қаптап кеткен әйелді емдеді. Сирек кездесетін ауру келіншекте антибиотиктарды қабылдағаннан болған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: The New England Journal of Medicine

Көрнекі фото: The New England Journal of Medicine

55 жастағы әйел көлік апаты салдарынан ауруханаға түскен. Аяғынан жарақат алған келіншектің инфекциясын тоқтату үшін дәрігерлер оған "Миноциклин" антибиотигін салыпты.

Бір аптадан соң америкалықтың тілі қарайып, шаштар шыға бастапты. Одан бөлек, келіншектің жүрегі айнып, жаман дәм сезе бастаған екен.

Оның емдеуші дәрігері Ясир Хамад мұндайды 20 жыл еңбек еткен уақытында мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрғанын айтады. Ол әйелге басқа антибиотик қабылдауды ұсынған екен. Араға бір ай салып келіншектің тілі қайтадан өз қалпына келе бастапты.

Lingua villosa nigra деп аталатын тіл ауруы өте сирек кездеседі. "Тілдегі шаш" дегеніміз тілдің үстіңгі қабатында тұратын ісінген жіпшелер болып табылады. Дені сау адамда оның көлемі бір миллиметрді құраса, ауру адамда бұл көрсеткіш 18 миллиметрге дейін өсуі мүмкін.

Ғалымдар әлі күнге дейін тілдің қараюының себебін таппай жатыр. Негізі, ол темекі шегетін адамдар мен гигиена сақтамайтын адамдарда көп кездеседі. Бұл ауруды емдеу үшін адам көп су ішіп, темекіден бас тарту қажет.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel