RU
Қарағандыда өлі сыңарын тастамаған аққу жұрттың жүрегін елжіретті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда өлі сыңарын тастамаған аққу жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда өлі сыңарын тастамаған аққу құтқарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өз Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Сәкен Ділдахмет

Фото: Facebook/ Сәкен Ділдахмет

6 тамыз күні Қарағанды облыстық орман және аңшылық шарушалығы комитетінің облыстық аймақтық инспекциясына Абай қаласы тұрғынан қоңырау келіп түскен. Ол қала шетінде екі аққуды көргенін айтқан екен. Олардың бірі өлі болса, екіншісі мүлде қимылдамай тұрыпты.

Фото: Facebook/ Сәкен Ділдахмет

Фото: Facebook/ Сәкен Ділдахмет

Мұны естіген инспекция мамандары бірден оқиға орнына барып, аққулардың шипун түріне жататынын анықтапты. Бұл аққулар қазір сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан құстардың қатарында екен.

Фото: Facebook/ Сәкен Ділдахмет

Фото: Facebook/ Сәкен Ділдахмет

Құстың бірі жоғары вольтті сымның әсерінен қайтыс болған. Ал сыңарын тастамаған екінші аққу Қарағанды зоопаркіне жеткізілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel