RU
Астанада 471 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 471 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Рассказать Вконтакте

Light House және «Времена года: Лето» тұрғын үй кешендерінің клиенттері қос мерекені атап өтті. Конституция күні және жаңа қоныс.

Конституция күні Астанада 471 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

"Light House екі блоктан тұрады, құрылыс 2017 жылдың маусымында басталды, объектіні жоспардағы мерзімінен бұрын тапсырдық. Осындай айтулы күнде тапсырып жатқанымыздың өзі үлкен қуаныш! Көптеген адамдар үшін үйдің орналасқан жері ұнайды, Бараев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысы. Сәулетшілер бұл үйді алыстан көз тартатындай етіп жасады. Біз де бұл үйдің құрылысын бар жан-тәнімізбен орындадық, енді оған тұрғындар ұқыптылықпен қарайды деп үміттенеміз!" – дейді жоба жетекшісі Асқар Шайзин.

Конституция күні Астанада 471 отбасы жаңа пәтер кілтін алды

Мереке шынында да көтеріңкі көңіл-күйде өтті, үлкендер үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылса, ал балаларды аниматорлар ойнатты. Ұйымдастырушылар ауа-райын ескеріп, жаңа қоныс мерекесін жылылық пен жайлылық кернеп тұрған паркингте өткізуді шешті. Қалыптасқан дәстүр бойынша, келген қонақтарға кең дастархан жайылды.

Конституция күні Астанада 471 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Айнұр Тұранова ыстық Шымкент қаласынан келген және пәтерді көргенде бірден ұнатып, өзіне сондай ыстық көрінгенін айтады:

Пәтер таңдауға менің сіңілім көмектесті, өйткені ол өзі BI Group салған үйде тұрады. Бүгін мен үшін толқуға толы қуанышты күн. Маған Light House-тың орналасқан жері ұнайды, сол жағалауға жылдам жетуге болады. Осындай керемет үй үшін құрылысшыларға үлкен рахмет! Біз бақыттымыз!

Конституция күні Астанада 471 отбасы жаңа пәтер кілтін алды

Қайрат Нұртазин бұл үйден пәтерді балаларына сатып алып беріпті:

"Бүгін менің немерем бірінші класқа барды және біз көптен күткен жаңа пәтеріміздің кілтін алдық. Қазақстанда осындай сенімді компания барына қуаныштымыз!"

Бұл тұрғын үй кешенінің ауласында тек балалар үшін емес, үлкендер үшін де спорт алаңының барын атап өткіміз келеді. Сонымен қатар, үйдің символы ретінде үй ауласына шамшырақ орнатқан, өйткені LightHouse ағылшын тілінен дәл осындай мағына береді екен. Сондай-ақ сол шамшыраққа қарай жүріп бара жатқан түйелердің мүсіні де орнатылыпты. Өзгеше композиция.

«Времена года: Лето» тұрғын үй кешенінің жаңа пәтер иелерінің айтуы бойынша үйді орналасқан жеріне қарап, таңдапты. Ботаникалық саябаққа қарама-қарсы жерде орналасқан. Дегенмен, үйдің басқа да ерекшеліктері бар.

Астанада 471 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

"Бұл жерде асфальттың орнына, кеспе тастар төселген. Есесіне, асфальтқа қарағанда оның беті жарылмайды. Жинап, қайта төсеуге болады. Мұнда жиектастар қойылмаған. Бұл әсіресе, бесік арбасы бар аналар, велосипедшілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өте ыңғайлы. Кәдімгі трансформаторлық станциясы енді арт-объектіге айналған, яғни оның бетінде қазіргі және ретро кейіпкерлердің суреті бейнеленген. Балалар алаңындағы жер төсеміне су жиналмас үшін, су ағатын тесік жасалған. Үйдің шығаберісі өздігінен жылытылады. Қыста оның мұзын жарудың қажеті жоқ, «қапыда құлап кетем» деп алаңдамайсыз. Гүлзарлар ұзаққа шыдамды бетоннан жасалған", - дейді жоба жетекшісі Сағитжан Сақалов.

Конституция күні Астанада 471 отбасы жаңа пәтер кілтін алды

Үйдің ерекшеліктері туралы жаңа пәтер иелері де пікір қалдырды. Пәтер кілтін алуға жанұясымен бірге келге Ерлан құрылыс сапасына өз көзін жеткізгенін айтады. Үш баланың анасы Анара серуендеу үшін саябақтың жақын орналасқанын, сондай-ақ жақын жерде балабақша мен қазақ тілінде оқытатын №76 мектеп барын айтып өтті.

«Лето» кешенінің F блогындағы барлық пәтерлер сатылған, бірақ «Времена года. Лето» кешенінің құрылысы тоқтаған жоқ. Толығырақ компанияның Астана, Алматы, Атырау мен Шымкенттегі сату орталықтарынан білсеңіз болады.

* PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel