RU
Сиви Махмуди күйеуін ел көзінен неге жасырады?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сиви Махмуди күйеуін ел көзінен неге жасырады?

Рассказать Вконтакте

Үш баланың анасы атанып отырған отандық әнші Сиви Махмуди NUR.KZ порталының жобасы "Ойбай Life" бағдарламасында жеке өмірі туралы біраз құпияны жайып салды.

Сиви Махмуди. Фото: time.kz

Сиви Махмуди. Фото: time.kz

Сиви "күйеуін халыққа көрсетуден қашады?" деп айып таққандарға жауап берді.

"Орыстардың керемет мақаласы бар ғой: "Бақыт тыныштықты жақсы көреді" деген. Бақытты адамдар өзінің бақытты екенін көрсетуі шарт емес. Ең бастысы іші бүтін болса болды... Көбі ажырасып кеткен деген неше түрлі сыбыстар айтып жатады. Кім не айтса да маған бәрібір.

Ең бастысы өзіміздің ішкі дүниемізде, ішкі үйімізде, отбасымызда тыныштық болса болды. Сол үшін оны өзім де көп жария еткім келмейді... Жолдасымның абыройын түсіріп, оны әртістердің ортасында тойларға алып барып жүргім келмейді.

Қасымда не дегенмен өзін ыңғайсыз сезінеді ғой. Ол кісі мүлде басқа саланың адамы болғаннан кейін өнер жолында өзін керемет сезінбейді... Екіншіден, менің қасымда жүргеннен кейін бәрі әңгімені Сивиден бастайды... Менің жолдасым бар екенін көп жағдайда ұмытып кетіп жатады", - дейді әнші.

Одан бөлек Сиви неге күйеуінің алдында жұлдыз болғысы келмейтінін де сөз еткен.

"Ойбай Life" бағдарламасының жұлдыздармен болған сұхбаттары мен эксклюзив жаңалықтарын Мұхит Сапарбаевтың Instagram парақшасынан, "Ойбай Life-тың" желідегі парақшасынан біле аласыздар.

Айта кетейік, NUR.KZ порталының жаңа жобасының алғашқы қонағы танымал ақын, хит әндердің авторы Құрманай Бақтиярқызы болған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel