RU
Футбол алаңында сәлем салған аяқдопшы қыз дүйім жұртты таңғалдырды
Жаңалықтар Спорт

Футбол алаңында сәлем салған аяқдопшы қыз дүйім жұртты таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда футболдан әйелдер чемпионатында бұрын-соңды болмаған қызықты оқиға орын алды. Ойын алдында тізілген аяқдопшылар арасынан "Шортан" командасының футболшысы ортаға шығып, "сәлем салды" деп жазады ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz

Чемпионаттың 19 турында өзара кездескен "Шортан Lady" мен "Қызылқұм Гули" арасындағы тартысты ойын алдында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. "Шортан" клубының ойыншысы Ұлдана Тохтаева матч басталар кезінде ортаға шығып, дәстүрге сәйкес сәлем салған.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz

Анықталғандай, бойжеткен оқиғаға дейін бір апта бұрын тұрмысқа шыққан. Ойын барысында голдың соғылуына сепші болып, жиылған жұрттың қошеметіне ие болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel