RU
Қарағандыда туберкулез дертіне шалдыққандар көшеде қаптап жүр
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда туберкулез дертіне шалдыққандар көшеде қаптап жүр

Рассказать Вконтакте

Қарағанды халқы тапа тал түсте жайбарақат жүре беретін науқастардан үрейленіп жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ел көп шоғырланған жерлерде еркін жүретін ауруға шалдыққандар бетперде де тақпайды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Қаладағы "ЖБИ" ықшам ауданының дәл ортасында орналасқан облыстық туберкулезге қарсы диспансерде жұқпалы індеттен 500-ге жуық науқас емделіп жатыр. Оның 70 пайызын дерттің ашық түріне шалдыққандар құрайды.

Жергілікті мектептен небәрі 300 метр жердегі мекеме тұрғын үйлерге де жақын тұр. Халықтың үрейін туғызатыны да сол. Өйткені ауруға шалдыққандар тапа тал түсте бетпердесіз көшеде емін еркін жүреді.

Туберкулезбен ауыратын адамдардың көшеде емін-еркін серуендейтінін медициналық мекеменің басшылығы да жоққа шығармайды. Алайда, ол тұрғындарға төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ деп сендіруде.

Өйткені, айтуларынша, Кох таяқшасын жұқтыра алмайтын науқастар санатына далаға шығуға рұқсат етілген. Ал жұқпалы індеттің ашық түріне шалдыққандарға аурухана табалдырығын аттауға қатаң тыйым салынған.

"Оны әуелі түскен кезде зерттейміз ғой. Бұл жабық мекеме емес қой. Туберкулез таяқшасын бөлмейтін адамдар, адамдарға зақым келтірмейтіндер оларға мүмкін шығуға да болады" . - деп айтты диспансер директоры Ноян Бидайбаев.

Жұқпалы індеті асқынып кеткендерді 40 маман мен 4 бейнебақылау камерасы күзетеді. "Айналасындағыларға қауіп төндіретін емделушілер оқшауланған жерде жатып, серуендейді" дейді жауаптылар.

Айта кетейік, ықшам ауданның қақ ортасындағы туберкулезге қарсы диспансерде жұқпалы індеттен емделуден бас тартып жүргендер де бар. Олардың саны 207-ге жетеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel