RU
Жеті қазақстандық спортшы допингпен ұсталды
Жаңалықтар Спорт

Жеті қазақстандық спортшы допингпен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жеті қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ca-news.org

Көрнекі фото: ca-news.org

Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығының сайтында көрсеткендей, 2014 жылы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 24 айға шеттетілген велоспортшы Виктор Окишев енді 8 жылға спорттан аластатылды. Спортшы талдамасынан тыйым салынған препарат эритропоэтин препараты табылған.

Сондай-ақ, сараптамаларынан қолдануға болмайтын препаттар табылған ауыр атлетші Роберт Карнухов төрт жылға, жүзуші Риат Жұмағұлов екі жылға, жеңіл атлеттер Евгения Фондюшина, Александр Лях пен Игорь Кондратьев екі жылға спорттан аластатылды.

Ал жеңіл атлетші Вероника Брославская спорт саласынан төрт жылға шеттетілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel