RU
Павлодарда сыған әйел 92 жастағы әжейді тақырға отырғызып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда сыған әйел 92 жастағы әжейді тақырға отырғызып кетті

Рассказать Вконтакте

Павлодарда 92 жастағы зейнеткерді сыған әйел тақырға отырғызып кеткен. Жасы 30-40 шамасындағы келіншек әжейдің ұлын танимын деп алдап, 160 мың теңгесін сыпырып алған деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: penzavzglyad.ru

Көрнекі фото: penzavzglyad.ru

Кейуананың баласы туралы сұраған әйел оның сеніміне кіріп алған. Сыған келіншек әжейдің дүкенге неге жалғыз барғанын сұрап, артынан үйіне де кіріп кеткен екен.

Кейіннен ол зейнеткердің аяғына массаж жасап беріп, 10 мың теңге қарызға сұраған көрінеді.

Ештеңеден күмәнданбаған әжей алаяққа 10 мың теңге алып берген екен. Содан кейін есін білмей қалған ол оянғанда 160 мың теңгесінен айырылып қалғанын айтады.

Қазір аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel