RU
Елбасы өзі салған комбинаттың жөнделмегенін көріп, ескерту жасады
Жаңалықтар Қоғам

Елбасы өзі салған комбинаттың жөнделмегенін көріп, ескерту жасады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына іссапары барысында Теміртаудағы жылу электр орталығының жұмысымен де танысқан. Елбасы орталықтың жабдықталуына тікелей жауапты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшысы Парамжит Калонға нұсқау берген. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Baribar.kz

Фото: Baribar.kz

Президент өз сөзінде жылу электр орталығының жабдықтарын жаңарту қажеттігін айтқан.

"Мен бұл станцияны 1960 жылы салғанмын. Ол комбинат пен қаланы қамтамасыз етеді. Егер істен шықса, қала жылусыз қалады. Бұлай жұмыс істеуге бола ма? Миттал мырзаға үкіметтен менің сұрақтарыма жауап алу үшін қоңырау шалатынын жеткізіңіз. Осылай жұмыс істей береміз деп ойлайсыздар ма? Ол бүкіл қаланы жылумен және сумен қамтамасыз етеді. Ертең мен комбинатқа барамын. Жаңғырту керек",-деді мемлекет басшысы.

Ал, компания басшысы "кәсіпорын 2023 жылға дейін екі жылу электр орталығын да жаңғыртуды жоспарлап отырғандығын, осыған сәйкес, үш жаңа қазандыққа тапсырыс берілгендігін, олар 2019 жылдың наурызында жеткізілетінгідін" айтып ақталған.

Сонымен бірге, Елбасы өңірдегі барлық қазандықтардың қауіпсіз режимде жұмыс жасауына баса назар аудару қажеттігін атап өткен.

"Шахандағы трагедияның қайталануына жол беруге болмайды. Қазір жылу беру маусымы жүріп жатыр, дайындық сапалы болу үшін барлық қазандықты тексеру керек", — деді президент.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel