RU
Оралдық полицей өз басшысын атып өлтірді: ІІМ түсініктеме берді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Оралдық полицей өз басшысын атып өлтірді: ІІМ түсініктеме берді

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысындағы полиция қызметкерінің өлімі Ішкі істер министрлігінің бақылауында деп жазады NUR.KZ. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады.

Көрнекі сурет: 360tv.ru

Көрнекі сурет: 360tv.ru

«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальон командирінің қазасы бойынша қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаменті және Әкімшілік полиция комитеті қызметкерлерінен құралған. Қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойнына алды. Алдын ала жинақталған мәліметтерге қарағанда, қылмыс жеке келіспеушіліктер салдарынан орын алған. Бұл қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің бақылауында», - деді Сәдубаев.

Өкілдің айтуынша, күдікті өз кінәсін мойындаған. Оның мұндай қадамға баруына екеуара келіспеушілік себеп болыпты.

Еске сала кетейік, бүгін Оралда полиция қызметкерінің өз басшысын атып өлтіргені туралы ақпар жеткен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel