RU
Тезірек тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға арналған бес кеңес
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тезірек тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға арналған бес кеңес

Рассказать Вконтакте

Миллиондаған қыздар тұрмыс құруды армандайды. Отбасылық өмірге дайын болу бір бөлек, өмірлік ханзаданы таңдау мүлде бөлек нәрсе. Ендеше, тезірек тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға арналған бес кеңесті women.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: yandex.kz

Көрнекі фото: yandex.kz

1. Тұрмыс құру туралы күні-түні ойлаудан аулақ болыңыз.

Ештеңені асықтырудың қажеті жоқ. Сол үшін санаңызды тек тұрмыс құру туралы оймен толтыра бермеңіз.

2. Бұл сізге не үшін керек екенін біліп алыңыз.

Сіз өзіңіз үшін отбасы құру қажет пе, жоқ па екенін біліп алуыңыз керек. Сіз шынымен жанұя болғыңыз келе ме, әлде жай ғана жақсы көретін адамыңыздың болғанын қалайсыз ба?

3. Өмірлік серігіңізді көз алдыңызға елестетіп, оны іздеңіз.

Өмір бойы қасыңызда қандай адам болғанын қалайсыз? Оның бойындағы қасиеттер қандай болуы керек? Осы туралы ойланып, оның бейнесін көз алдыңызға елестетіп үйреніңіз.

Төрт қабырғаға қарап қана отырмай, достарыңызбен қыдырып, түрлі отырыстарға барыңыз.Өз таныстарыңыздың санын арттыруға тырысыңыз. Алайда болашақ жарыңызды түнгі клубтан іздеуден аулақ болғаныңыз абзал.

4. Неге әлі күнге дейін тұрмыс құрмағаныңыз туралы ойланыңыз.

Егер сіз отбасылық өмірге дайын болсаңыз, сүйікті жар атанғыңыз келсе неге әлі күнге дейін бұл мақсатты орындай алмай жатқаныңыз туралы сараптаңыз. Не кедергі екенін анықтап алыңыз.

5. Өзіңізді жақсы көріңіз.

Сіз өзіңізді жақсы көрген соң ғана өзгелерге деген махаббатыңыз ашылады. Сол себепті, өзіңізді сыйлап, құрметтеңіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel