RU
Өскеменде адамға лық толы автобус өртеніп кете жаздады (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өскеменде адамға лық толы автобус өртеніп кете жаздады (видео)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде жолаушыларға лық толы автобус өртеніп кете жаздады. Оқиға бүгін таңда орын алған деп жазады altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға таңғы 8 сағат шамасында Әуезов және Жеңіс даңғылының қиылысында болған. Қоғамдық көліктің ішінде болған жолаушы Алексей Куропаткиннің айтуынша, автобус кептелісте тұрған кезде, салонының артқы жағы түтіндей бастаған.

– Жолаушылар жүргізушіге есіктерді аш деп айқайлай бастады. Билет ақшаларын қайтару туралы сөз болған жоқ. Адамдар асығыс басқа автобустарға отырып жатты, – дейді ол.

Қалалық жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығының айтуынша, автобус жүргізушісі түтінді тез өшіре қойған. Жапа шеккен ешкім жоқ.

– Автобус аккумуляторының сымдары тұйықталып қалған. Түтін содан шығып отыр, – деп түсіндірді ЖТБО директоры Ернар Мұстафин.

Мұстафинның айтуынша, автобустар күнде таңертең жолға шықпас бұрын тексерутен өткізіледі. Бірақ электр сымдарын күнде тексеріп жатпайды екен. Күн аралатып қана қарайтын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel