RU
Қуат Найман миллиондап ақша жұмсалатын футболшылар үшін күйінді
Жаңалықтар Спорт

Қуат Найман миллиондап ақша жұмсалатын футболшылар үшін күйінді

Рассказать Вконтакте

Отандық ережесіз жекпе-жек жұлдызы Қуат Хамитов грузиялықтардан ұтылып қалған Қазақстан футбол құрамасын аяусыз сөгіп тастады. Ол спорттың бұл саласына жылына 150 миллион теңге бөлінетінін айтып, өз наразылығын ашық түрде білдірді деп жазады NUR.KZ.

Қуат Наймаен кешегі өткен ойыннан кейін өзінің Instagram парақшасына азулы жазба қалдырды. Спортшы Грузия құрамасына есе жіберген қазақстандық футболшыларды сынап, өзінің спорттың бұл түріне қатысты жағымсыз пікірін жаудырды.

"Айттым ғой сіздерге. Мен әлі күнге дейін бұл спорт түріне жылына 150 миллион теңгенің не үшін бөлінетінін түсіне алмай келемін. Бұл масқара. Олимпиада жеңімпаздарынан пәтерлерін тартып, әлем чемпиоандарына үй бере алмай жатқанда футболға болса... Кейде не үшін салық төлеймін деп те ойланамын. Ақыры ақша босқа кетіп жатыр" , - деп жазды спортшы.

Ережесіз жекпе-жек жұлдызының бұл мәлімдемесі ел арасында қызу талқы тудырып, желі қолданушылары өзінің пікірімен бөліcіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel