RU
Ләйлә Сұлтанқызы жаңа Range Rover көлігін көрсетіп, мақтанды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы жаңа Range Rover көлігін көрсетіп, мақтанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қымбат көлік тізгіндегенін айтып, мақтанды. Бағдарлама жүргізушісі судай жаңа Range Rover көлігімен түскен суретті өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Қымбат көлігінің суретін желіге жүктеген Ләйлә Сұлтанқызы былай деп жазған:

"Қуанышыммен бөліссем, еселене түсетініне сенемін. 1 сағатқа автоЦОНға келіп, жаңа техпаспортты қолыма алдым. Сол жерде қызмет жасайтын жігіттерге рақмет! Енді, менде жаңа Range Rover Oque. Жақсы жаңалығымыз көп болсын!" .

Желі қолданушылары тележүргізушіні су жаңа көлігімен құттықтап, "Игілігіңізге мініңіз", "Қуанышыңызға ортақпыз" деген жылы тілектерін жаудырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
1
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel