RU
Тимур Сүлейменов: Теңге мұншалықты құлдырамауы керек еді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тимур Сүлейменов: Теңге мұншалықты құлдырамауы керек еді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің құлдырауына қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ұлттық валюта бұлай құлдырамауы керек болған деп жазады NUR.KZ.

Тимур Сүлейменов. Фото: Eurasiancommission.org

Тимур Сүлейменов. Фото: Eurasiancommission.org

“Теңгенің әлсіреуі анық байқалады. Біздің Ұлттық банктің макроэкономикалық моделіне сәйкес, баға мұндай болмауы керектігін, расымен көріп отырмыз”, - дейді министр.

Сүлейменов валюта нарығында ажиотаж болып жатқанын алға тартты.

"Бұл жерде мәселе психологиялық тұрғыда болып отыр, саяси санкциялар мен оның нарыққа әсері болуы мүмкін екендігінде. Фундаменталды тұрғыда теңге біздің модель бойынша мұнша тұрмауы керек еді", - дейді ол.

Министр теңге бағамына соңғы жайттар әсер етіп жатқанын жоққа шығармады.

"Біздің ойымызша, құлдырау деңгейі жыл соңына дейін біз қалаған дәлізден сәл жоғары болмақ. Яғни, сегіз айдың қорытындысы бойынша бізде бес-жеті пайыз - дәл алты пайыз", - дейді Сүлейменов.

Министр еліміз валюталық дәліздің ортасына жеткенін алға тартып, билік бұл жылды шамамен алты пайыздық құлдыраумен ғана аяқтаудан үмітті болғанын сөз етті.

"Алайда теңге әлсіреп жатқандықтан, 6,7-6,8 пайыз болып қалуы мүмкін, десе де дәлізге 5,6 пайыздық көрсеткішпен шыға қоймаймыз", - дейді министр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel