RU
Ажалды жеңген футболшы үйлену тойын дүркіретіп жасамақшы
Жаңалықтар Қоғам

Ажалды жеңген футболшы үйлену тойын дүркіретіп жасамақшы

Рассказать Вконтакте

Қатерлі ісікпен ауырып, ажалмен арпалысқан футболшы Бақтияр Мұхамбетқалиев үйлену тойын дүркіретін жасамақ. Аяғынан айырылған спортшының бұл қуанышы туралы журналист Азиз Жұмәділ өз Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Aziz Zhumadil

Фото: Facebook/ Aziz Zhumadil

Журналист қатерлі ісікпен күресіп, аяғынан айырылған футболшының тойын анасы жасап беретінін айтты.

Оның сөзінше, Бақтияр Мұхамбетқалиев өз қуанышын Астана қаласында тойлауды жөн көрген.

Фото: Facebook/ Aziz Zhumadil

Фото: Facebook/ Aziz Zhumadil

Сондай-ақ, Азиз Жұмәділ елордалық журналистерді тойға шақырып, сюжет жасауына болатынын айтты.

"Фонограмманы ермек етіп, аузын жыбырлатып тұратын әншілердің тойларын түсіргенше, осындай батырларымызды дәріптейік. Бақтиярдың да қуанып қалатыны анық", - деді ол өз жазбасында.

Бақтияр Мұхамбетқалиевтың тойына байланысты кез келген мәселе бойынша 8 777 734 88 10 нөміріне хабарласа аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
12
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel