Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамның жасына байланысты атаулары жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Көпшілік әрбір жастағы адамның өзіне ғана тән атауы бар екенін біле бермейді. Мәселен, бүлдіршін, нәресте және сәбидің негізі кімге айтылу керектігін жиі шатастырып жатады деп жазады NUR.KZ.

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz: UGC

Адамның жасына байланысты атауларын біліп жүру мақсатында оқырмандар назарына олардың топтамасын ұсынады.

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте 1 жастан 10 жасқа дейін - сәби 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса 6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай 8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек 40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте 50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел 60 пен 70 жас аралығы - қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже 70 пен 80 жас аралығы - ақсақал, ақбұрым 80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария 90 мен 100 жас аралығы - селкілдек шал, селкілдек кемпір 100 жастан жоғары - кейуана, баба.

Мүшел жас 1- мүшел -13 жас (ер жете бастау) 2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас) 3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау) 4 - мүшел – 49 жас (орта жас) 5 – мүшел – 61 жас (орта жас) 6 - мүшел – 73 жас (қарттық) 7 – мүшел - 85 жас (кәрілік) 8 - мүшел – 97 жас (қалжырау) 9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю) 10 – мүшел -121 жас (немене сүю)

***

10 жасқа дейін - қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған, 10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған, 20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған.

***

30 жас - орда бұзар 40 жас - қылыш жас, қырықта қамал алар 50 - ел ағасы, ердің жасы 60 жас - пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс 70 жас - жетпістің белесі 80 жас - сексеннің сеңгірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1751491-adamny-zasyna-bajlanysty-ataulary-zajly-ne-bilemiz/

pixel