RU
"Жеті рет атқан": БҚО-дағы ІІД басшысы өлтірілген полицей оқиғасы жайлы айтты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Жеті рет атқан": БҚО-дағы ІІД басшысы өлтірілген полицей оқиғасы жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

БҚО-дағы ІІД басшысы Ақжайық аудандық басқармасының тәртіп сақшысының қолынан қаза тапқан полицей оқиғасына қатысты мәліметтермен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ

Фото NUR.KZ

Фото NUR.KZ

Департамент басшысы Мақсұдхан Әблязімов мәлімдеуінше, марқұмды жеті рет атып өлтірген.

"6 қыркүйек күні ішкі күзет батальонының қызметері өзінің жетекшісін атып өлтірді. Ол өз әрекетінінен кейін ешқайда қашпай, қаруын өткізіп өз қылмысын мойындаған. Оқиға орнында тұтқындалған ер адамның полицейді не себепті өлтіргені әзірге белгісіз. Ол тергеу жұмыстары аясында анықталмақ. Бүгінгі күні оқ жаудырған азамат тәртіп сақшысын жеті рет атқаны белгілі", - деп айтты департамент басшысы.

Генерал Әблязімовтың айтуынша, жұмыста екі қызметкер де өзін тек қана жақсы жағынан көрсеткен.

"Оқ жаудырған қызметкер өзін жақсы жағынан танытқан болатын. Қайтыс болған капитанның да қызметі барысында жаман тұстары байқалмаған. Ол ІІД-де 2008 жылдан бастап қызмет еткен. Оның артында әйелі мен екі кішкентай баласы қалды", - деп айтты Мақсұдхан Әблязімов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel