RU
Атырау облысында жанып жатқан үйден 26 адам құтқарылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырау облысында жанып жатқан үйден 26 адам құтқарылды

Рассказать Вконтакте

Құлсары қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 26 адам құтқарылды. Олардың арасында жеті бала бар деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырау облысында жанып жатқан үйден 26 адам құтқарылды

Фото: baq.kz

Атырау облысы ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қыркүйек күні сағат 01:23-те Құлсары қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчер қызметіне №2 шағын аудандағы №35 бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, №35 тұрғын үйдегі пәтердің 21 шаршы метрін қызыл жалын шарпығанын анықтаған. Салдарынан түтін жоғары қабатқа тараған. Мамандар аталған тұрғын үйдегі 26 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың 6-сы балалар», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 10 маман 2 арнайы техника жұмылдырылған. Олар қызыл жалынды толығымен түнгі сағат 02:20-де сөндірген. Өрттен ешкім зардап шекпеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel