RU
БАҚ: Литвада Қазақстан елшілігінің қызметкері ұсталды
Жаңалықтар Әлемде

БАҚ: Литвада Қазақстан елшілігінің қызметкері ұсталды

Рассказать Вконтакте

Литваның "Обзор" атты ақпараттық порталы Вильнюсте қазақстандық дипломаттың қамауға алынғанын хабарлады. Ол мас күйде көлік басқарғаны үшін құрықталған деп жазады NUR.KZ.

Литва. Көрнекі фото: bigbenas.lt

Литва. Көрнекі фото: bigbenas.lt

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, Вильнюстегі қазақстандық елшіліктің қызметкері өткен түнде қамауға алынған. 32 жастағы азамат Toyota Avensis көлігін мас күйде басқарды деп күдіктелуде. Тексеріс барысында оның ағзасынан алкоголь табылған (1,40 промилле).

Литва заңы бойынша енді Қазақстан азаматын 300-450 евро айыппұл немесе қылмыстық жаза күтіп тұр.

Сол арада Қазақстан СІМ-і этика бойынша уәкілетті тұлғаның бұл мәселені қарастырып жатқанын хабарлады. Егер факті расталса, қызметкер ұзақ іссапарынан кері қайтарылмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel