RU
Қарағандыда жоғалып кеткен екі жеткіншек аман-есен табылды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда жоғалып кеткен екі жеткіншек аман-есен табылды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір үйдің екі баласы аман-есен табылды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарағандыда

Көрнекі фото: newtimes.kz

Киров ПБ қылмыстық полиция қызметкерлерінің күш салуымен қарағандылық әйелдің 4 жасар ұлы мен туысының 10 жастағы қызы бір күннен соң табылды.

"Балалар 7 қыркүйек күні 16:00-де Металлистер көшесіндегі «Молодежное» мәдениет үйінің маңынан табылды. Олар сыныптас қызымен ойнап жүріп, соның үйінде қонып қалған", - дейді ведомство өкілдері.

Естеріңзге сала кетсек, бұған дейін төрт жасар Артем Дружковтың анасы ұлымен бірге тоғыз жасар жиені Анастасия Лисихинаның жоғалғанын айтып, полицияға арыз түсіргенін хабарлаған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel