RU
Тікелей эфирде әнұран шырқаған отандық журналистер көпті сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Тікелей эфирде әнұран шырқаған отандық журналистер көпті сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Тікелей эфир барысында әнұран шырқалып, оған қосыла кеткен тележүргізушілер көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде. Орнына тұрмаса да, кеудесіне қолын қойған жігіттің әрекеті желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Тікелей эфирде әнұран шырқаған отандық журналистер көпті сүйсінтті (видео)

Скриншот: Facebook

"Атамекен" бизнес арнасы журналистерінің видеосы Facebook желісінде кеңінен таралып кеткен.

Тікелей эфирде хабар таратып отырған олар еліміздің әнұраны қосылған сәтте қолдарын жүрек тұсына қойып, бірге шырқайды.

Видеоны көрген желі қолданушылары «Міне, нағыз патриоттар», «Көріп көзіме жас келді», «Қайта-қайта көруден жалықпаймын», - деп пікір қалдыруда.

Бірақ жүргізушінің орнынан тұрмағанын сынға алып, оны орынсыз әрекетке балап жатқандар да жоқ емес.

Әлеуметтік желідегі танымал парақшалар жарыса бөлісіп жатқан бұл видео пікірталас алаңына айналды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel