RU
Такси жүргізушісі көлікте қалған неке жүзігін иесіне қайтарып берді
Жаңалықтар Әлемде

Такси жүргізушісі көлікте қалған неке жүзігін иесіне қайтарып берді

Рассказать Вконтакте

Үндістандық студент Австралияның Перт қаласының тұрғынына көлікте қалдырып кеткен неке жүзігін қайтарып берді. Сақина 25 мың доллар тұратын болып шыққан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: SBS / YouTube

Фото: SBS / YouTube

Таксиді жүргізген Сингх Диллон Австралияға ауысу бағдарламасы бойынша барған үндістандық студент екен. Ол бос уақытында такси қызметін атқарып жүріпті.

Бірде жігіттің көлігіне Томас Карлтон есімді ер адам өзінің 25 мың доллар тұратын жүзігін тастап кеткен.

Соңынан неке сақинасын таппаған азамат такси бекетіне хабарласыпты. Бұл хабарландыруды естіген Диллон өз көлігін тексеріп, жүзікті тауып алған екен.

Осылайша ол иесіне затын қайтарып, сыйлық алудан бас тартыпты. Алайда жүзік иесі студенттің қалтасына 50 доллар салып жіберген көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel