RU
Ақтөбелік боксшы студенттер арасындағы әлемдік сында жалғыз алтынды жеңіп алды
Жаңалықтар Спорт

Ақтөбелік боксшы студенттер арасындағы әлемдік сында жалғыз алтынды жеңіп алды

Рассказать Вконтакте

1-6 қыркүйек аралығында Элиста қаласында (Ресей) өткен студенттер арасындағы Әлем чемпионатында 52 келі салмақ дәрежесінде ақтөбелік боксшы Абай Қуандықов алтын жүлдені иеленді деп хабарлайды Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақтөбе дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Фото: Ақтөбе дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Абай өзінің алғашқы жекпе-жегінде ресейлік өкілмен қарсыласып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші кездесуінде ол Жапония елінің спортшысымен кездесіп, ринг алаңында 5:0 есебімен басымдылық көрсетіп, финалға шықты.

Ал, ақтық сында тайпейлік спортшыны 5:0 есебімен айқын жеңіп, бокстан студенттер арасындағы VIII Әлем чемпионатының чемпионы атанды.

Фото: Ақтөбе дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Фото: Ақтөбе дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Айта кетейік, Абайдың бұл жеңісі Ақтөбе спорт тариxында алғаш рет орын алып отыр. Бұған дейін 2014 жылы Якутия елінде өткен VI студенттер арасындағы Әлем чемпионатында жерлесіміз Нұрбол Қалжанов күміс жүлдегер атанған болатын.

Қоса кетсек, бокстан студенттер арасындағы Әлем чемпионатында ҚР құрама командасы 3 медальға ие болды. Алтын жүлдені ақтөбелік спортшы Абай Қуандықов жеңіп алса, күміс жүлдені атыраулықтар Бекболат Құрамысов және қола жүлдені Ержан Ордабаев иеленді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel