RU
Самбодан Азиада чемпионын туған ауылы көкке көтерді
Жаңалықтар Қоғам

Самбодан Азиада чемпионын туған ауылы көкке көтерді

Рассказать Вконтакте

Самбодан Азия чемпионы Бағлан Ибрагим Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында үздік өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынған еді. Қазақ елінің мерейін үстем еткен дарынды спортшыны әсіресе жерлестері қарағандылықтар үлкен қошаметпен қарсы алған. Спортшының туған ауылы оған арнап флэш-моб ұйымдастырып, көпті тәнті еткен. Бұл туралы sport.qaz-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: SportX.kz

Фото: SportX.kz

1994 жылы Қарағанды облысында туған Бағлан Ибрагим күні кеше ғана елге оралған. Спортшының ауылдастары оны жылы қарсы алып, арнайы флешмоб ұйымдастырған видеосы Instagram желісіндегі sport.qaz парақшасында пайда болған. Одан самбисттің көк туды қолына алып, көлік үстінде тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары болса Ибрагимді асқан қошаметпен қарсы алған жерлестеріне дән риза болған. Олар "Жарайсыздар", "Нағыз чемпионға лайық құрмет", "Қазақ елі құтты болсын" деген жылы пікірлерін жаудырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel