RU
Түркістанда шенеунік өз қызметкерлерін тегін тамақпен қамтамасыз етіп, көпті тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда шенеунік өз қызметкерлерін тегін тамақпен қамтамасыз етіп, көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Түркістандық шенеунік қоластындағы барлық қызметкерлерін тегін тамақпен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: blog.svoi

Көрнекі фото: blog.svoi

Жуырда ғана облыс орталығы Түркістан қаласындағы аурухана ғимаратына көшкен облыстық денсаулық басқармасындағылар бүгінгі таңда қызу жұмысқа белсене кірісіп кеткен. Шымкентте еңбек басқарманың барлық қызметкері Түркістанға қоныс аударған. Жаңа жұмыс орнын журналистерге таныстырған басқарма басшысы бірінші кезекте қызметкерлердің жағдайы назарда екенін айтты.

"Толықтай көшіп, орналасып біттік. Біздегі 53 қызметкер түгелімен осында көшіп келді. Олардың жалға пәтер алуы, орналасуы секілді жайттардың барлығы шешілді. Өздеріңіз білесіздер, Түркістан экологиялық аймаққа жатады. Сондықтан да қыркүйек айынан бастап басқарма қызметкерлерінің жалақыларына 20 пайыздық үстемақы қосылады" деген шенеунік 53 қызметкердің барлығы бір мезгіл ыстық тамақпен тегін қамтылып отырғанын жеткізді.

"Кейбірі отбасымен көшіп келсе, бірқатарының отбасы сонда қалды. Көшіп-қону оңай емес, жаңа ортаға үйренісу тағы бар. Көмек ретінде біз барлық қызметкерді демеушілер есебінен түскі уақытта бір мезгіл тамақпен қамтамасыз етіп отырмыз. Мұндай ешбір басқармада жоқ. Одан өзге отбасы қалада қалған қызметкерлерді аптаның демалыс күндері көлікпен қамту мәселесі бойынша жақында әкімшіліктен хат келді. Олар жеңілдетілген бағамен Шымкентке барып келетін болады", - деді Мұқан Егізбаев.

Сондай-ақ, басқарма басшысы алдағы уақытта Түркістанда бірқатар медицина мекемелерінің құрылысы басталатынын, ал бұрынғы клиникалық аурухана, балалар ауруханасы, перинаталдық орталық секілді облыстық деңгейдегі мекемелер өз жұмыстарын әдеттегісінше Шымкентте жалғастыра беретінін алға тартты. Себебі шалғайда орналасқан халық үшін Түркістанға келіп-кету қиындық туғызуы мүмкін.

Айтпақшы, алдағы дүйсенбіден бастан облысқа қарасты аудан-қалалардағы УЗИ мамандары Ресейге барып, тәжірибе алмасатын болады. Облыстағы барлық медағалар да Ресейде оқып, біліктілігін арттырмақ. Басқарма басшысы мұндай шаралар әлі де жалғасатын табатынын айтты.

Дәл осы күні Кентау қаласындағы ауруханада инсульт орталығы ашылды. Орталық толықтай компьютерлік- томографиямен қамтылған. Айта кетерлігі, бұған дейін кентаулық тұрғындар Түркістан қаласына қатынап ем алуға мәжбүр болып келген.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel