RU
Қысым көрсеткен: өз басшысын атып өлтірген полицейге қатысты сұмдық жайттың беті ашылды
Жаңалықтар Қоғам

Қысым көрсеткен: өз басшысын атып өлтірген полицейге қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

Рассказать Вконтакте

Оралда өз басшысын атып өлтірген қайғылы оқиға көпшілікті дүр сілкіндірген еді. Естеріңізде болса сержант Серік Ғалиев өзінің командиріне 7 рет атып оқ атып, мерт қылған еді. Марқұмның туыстары қайғыдан қан жылап отырса, күдіктінің жақындары сержантқа қысым көрсетілген деген болжам айтып отыр. Бұл туралы КТК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Today.kz

Көрнекі фото: Today.kz

Өз басшысын атып өлтірген Серік Ғалиев бірден қамауға алынған еді. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толықтай мойындап отырған көрінеді. Әзірге марқұм мен сержант арасындағы келіспеушілік неден болғаны белгісіз. Қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін тіпті Астанадан арнайы топ та келген екен.

Марқұмның әріптестерінің айтуынша, қайғылы жағдай басшы мен сержант арасындағы түсініспеушіліктен болған екен.

Қаза болған командирдің жақындары қапыда ұлдарынан айырылып қалғандарына әлі күнге дейін сенетін емес. Олардың сөзінше, марқұм отбасын ойлайтын, сыйлы азамат болған екен. Командирдің соңында екі баласы мен әйелі қалған.

Ал, басшысын атып өлтірген Серік Ғалиевтың әпкесі болса, інісінің осындай жағдайға баруының өз себебі бар дейді. Айтуынша, сержант бала күнінен құқық қорғау органдарында қызмет етуді армандапты. Алайда, өз мақсатына жеткеніне қарамастан, соңғы кездері ол жұмыстан кететіні жайлы айтып жүріпті. Олардың ойынша, Серікке жұмыста қысым көрсетілуі мүмкін екен.

"Біз оған қысым көрсетілді деп болжап отырмыз. Ол жайдан-жай адамға оқ атпайды ғой? Әсіресе бастығына қарадан-қарап қалай оқ жаудыра салады? Мен марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын",-дейді Сандуғаш Сақауова.

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Сондай-ақ тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО-да қатардағы сержант өзінің командиріне 7 рет оқ атып, мерт қылған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
8
3
0
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel