RU
БҚО-да қоларбаға таңылған ару "Мисс Орал" байқауында үздіктер қатарынан табылды
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да қоларбаға таңылған ару "Мисс Орал" байқауында үздіктер қатарынан табылды

Рассказать Вконтакте

16 жастағы Айдана Кәрімова "Мисс Қазақстан-2018" байқауында Орал қаласының атын қорғамақ. Кеше қала күніне орай өткізілген айтулы шарада, бойжеткен үздіктер қатарынан табылған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Байқауға барлығы 12 бойжеткен қатысқан. Қатысушылар шараға екі айдан астам уақыт бойы дайындалған көрінеді.

"Қыздар түрлі акциялар мен дефилелерге қатысты. Дайындық ерекше болды. Байқауға бірінші рет мүмкіндігі шектеулі бойжеткен қатысты. Арулардың барлығы да керемет өнер көрсетті",-дейді байқау ұйымдастырушысы Жұлдыз Хуспанова.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Осылайша, әділ қазыларыдң шешімімен Оралдың екінші вице-мисі ретінде Аружан Мұқаш танылды. Бойжеткен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоларбаға таңылған екен.

"Бұл мен үшін үлкен жеңіс. Осы арқылы мен өз қорқынышымды жеңе алдым»,-дейді ол.

Орал-2018 байқауының бірінші вице-мисі титулын Әсел Дәулетбаева жеңіп алды. Ал, "Мисс Орал-2018" байқауының басты жеңімпазы ретінде 16 жастағы Айдана Кәрімова танылды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бойжеткен №44 мектеп-гимназиясынында оқиды екен.

"Мен өте қуаныштымын. Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Мен бұл байқауда көп нәрсе үйрендім, енді "Мисс-Қазақстан" байқауында жақсы өнер көрсетемін деген ойдамын",-дейді ару.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel