RU
Ақмола облысында ер адам туған ұлын көлікпен қағып өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысында ер адам туған ұлын көлікпен қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында ер адам ауладан көлікпен шығамын деп, туған ұлын байқаусызда көлікпен қағып өлтірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Chelny-biz.ru

Көрнекі фото: Chelny-biz.ru

Қайғылы жағдай 6-қыркүйек күні Есіл қаласында орын алған. 33 жастағы ер адам өз үйінің ауласынан Volkswagen көлігімен шығып келе жатып, туған ұлын байқаусызда қағып кеткен.

Салдарынан, жеткіншектің кеуде қуысы жаншылып, бас сүйегіне қатты зақым келген. Балақай жедел түрде ауруханаға жеткізілмеген, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмаған. Ол ес жинамастан реанимацияда қайтыс болған.

Қазіргі таңда аталған іске қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ, сот-медициналық сараптама жүргізіледі деп күтіліп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel