RU
Әрдайым аман бол: Аша Матайдың анасы жан-жарына ән арнап, көпті сүйсінтті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әрдайым аман бол: Аша Матайдың анасы жан-жарына ән арнап, көпті сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші, тележүргізуші Аша Матайдың анасы Бәтес Байелі жан-жарына арнап ән айтып, көптің ыстық ықыласына бөленді. Ол Мадина Сәдуақасованың орындауындағы "Сүйген жүрек" әнін әншімен бірге орындаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Жан-жарына ән арнаған видеосын Бәтес Мақсатқызы өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Ол онда:

"Жүрегiм, өмiрдегi тiрегiм, жан жарым, әрдайым аман бол, көп өмiр сүр, бiрге бақытты болайық! Мадина @sadvakasovamadina, қолдағаның үшін рахмет!",-деп жазған.

Желі қолданушылары Аша Матайдың анасының әнді орындау өнеріне тамсанған. Олар "Дауысыңыз әдемі екен", "Сізге де сахнаға шығу керек", "Махаббатарыңыз мәңгілік болсын" деген жылы тілектерін жарыса жазып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
2
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel