RU
Бес баласы бар жалғызбасты ана адамшошырлық күйде өмір сүріп жатқанын айтып, мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

Бес баласы бар жалғызбасты ана адамшошырлық күйде өмір сүріп жатқанын айтып, мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының тұрғыны Шолпан Бахиева 20 жыл бойы пәтерден пәтерге көшіп, сандалып жүрген көрінеді. Бір кездері медбике болып жұмыс жасаған ол, отбасын асырау үшін аталған қызметінен кеткен екен. Қазір жалғызбасты ананың денсаулығы сыр беріп, балаларын асырай алмайтындай күнге жеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото ашық дереккөзден алынды

Көрнекі фото ашық дереккөзден алынды

Шолпанның айтуынша, бүгінде ол қант диабеті әрі гипертония ауруына шалдыққан екен. Денсаулығы оңалған күнде-ақ, әйел адам балаларын асырау үшін, базарға барып сауда жасайтын көрінеді.

Жалғызбасты ананың 8-15 жас аралығындағы 5 баласы бар. Олардың барлығы оқушы әрі студент болғандықтан, жұмысқа шыға алмайтын көрінеді. Келіншектің жұбайымен ажырасып кеткеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Әйел адам қазір бұрынғы күйеуімен араласпайтын көрінеді.

Отбасы бүгінде қаланың шетінде екі бөлмелі үй жалдап тұрып жатқан көрінеді. Айына 25 мың теңге пәтерге әрі коммундық қызметке төлеп жатқан ол, күн көрудің қиынға соғатынын айтқан.

Қалада тұрғылықты мекен-жайы болмағандықтан, көп балалы ана пәтер кезегіне де тұра алмайтын көрінеді. Жалғызбасты анаға көмек беремін деушілер келесі номерге хабарласа алады: +7 747 859 4945.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
5
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel