RU
Павлодарда 6 жасар қыз балкон сыртында жарты сағат бойы ілініп тұрған
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда 6 жасар қыз балкон сыртында жарты сағат бойы ілініп тұрған

Рассказать Вконтакте

Павлодарда құтқарушылар жарты сағат бойы балкон сыртында ілініп тұрған 6 жасар қызды құтқарып қалды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр куәгерлер түсірген видеодан алынды

Кадр куәгерлер түсірген видеодан алынды

Белгілі болғандай оқиға 8-қыркүйек күні қаладағы Суворов көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде орын алған. 6 жастағы қыз бала үйде ата-анасының бақылауынсыз қалған екен.

"Оқиға орнында қала тұрғындары болған. Әйтпегенде, жағдайдың қалай аяқталатынын бір құдай біледі. Олар дер кезінде мамандарды көмекке шақырған. Қызды аман алып қалуға атсалысқан әр адамға алғыс айтамыз",-дейді мамандар.

Куәгерлер оқиғаны бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеп үлгерген. Айтуларынша, қыз бала балкон сыртында жарты сағат бойы ілініп тұрған екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel