RU
Головкин мен Альварес алдағы жекпе-жекте қанша гонорар алады?
Жаңалықтар Қоғам

Головкин мен Альварес алдағы жекпе-жекте қанша гонорар алады?

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылдың ең үздік жекпе-жегі саналатын "Канело мен Головкин" тартысында бокшылардың қанша гонорар алатынын белгілі болды. Қазақстандық Геннадий Головкин аталған рематч үшін 20 млн доллар алса, мексикалық боксшы 30 млн доллар табыс таппақ деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: khabar.kz

Фото: khabar.kz

Мұндай мәліметті WBC басшысы Маурисио Сулейман мәлімдеген.

Сонымен бірге боксшылар HBO PPV-дағы ақылы трансляциядан өздеріне тиесілі қаражатты алмақ. Бұл тұста да Канело Головкинге қарағанда көбірек табыс табатын көрінеді. Себебі, мексикалық боксшының арқасында дәл қазір PPV мен билет сатылымының көлемі артқан екен.

Айта кетерлігі, бірінші жекпе-жекте Альварес 50 млн доллар пайда тапқан еді. Ал жерлесіміз Головкин болса бар-жоғы 20 млн долларды місе тұтқан болатын. Десе де, аталмыш сома Головкин үшін өз мансабындағы ең ірі гонорар болып есептелген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
3
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel