RU
60-70 пайызы – порнография: Танымал саясаттанушы ғаламтор туралы бар шындықты жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

60-70 пайызы – порнография: Танымал саясаттанушы ғаламтор туралы бар шындықты жайып салды

Рассказать Вконтакте

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Алматыда өткен "KitapFest – 2018" фестиваліне қатысып, ғаламтор жайлы ойын ортаға салды. Оның пікірінше, бүгінде "ғаламтордың 60-70 пайызы порнография" екен. Осыған орай, қоғам қайраткері жастарға ғаламторға үңілмей, кітап оқуға шақырған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: vecherka.ee

Көрнекі фото: vecherka.ee

Бүгін Алматыда "BAURZHAN" қорының ұйымдастыруымен "KitapFest – 2018" кітап фестивалі өткен. Айта кетерлегі, шара осымен 5-ші рет ұйымдастырылып отыр екен. Қала тұрғындары фестиваль аясында кітап авторлары әрі белгілі блогерлермен жүздесуге мүмкіндік алған. Олардың қатарында танымал саясаттанушы Айдос Сарым да болған. Ол ғаламтор жайлы өз ойын ортаға салып, жастарды кітап оқуға шақырған.

"Бүгінде ғаламтордың 60-70 пайызы – порнография, іздегеніңіз сол болса, оны табу қиын емес. Ал егер 1-2 пайыз білім жинағыңыз келсе, онда жең түре кітап оқу керек. Ал google-да ұсыныстар көп, тіпті ғылыми бағытта ғана ақпарат тарататын 30-ға жуық сайт бар", — дейді саясаттанушы.

Сонымен бірге фестиваль аясында мектеп оқушылары мен студенттер арасында тоғызқұмалақ, шахматтан жарыс ұйымдастырылыған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel