RU
Шығыс Қазақстан облысының атауын өзгерту туралы ұсыныс жасалды
Жаңалықтар Қоғам

Шығыс Қазақстан облысының атауын өзгерту туралы ұсыныс жасалды

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар ШҚО-да өткен "Алтай – түрік әлемінің алтын бесігі" атты халықаралық форумда өңірге "Алтын Алтай" атауын беру туралы ұсыныс айтты деп жазады Хабар 24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: veters.kz

Фото: veters.kz

Айтулы жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен археологтар мен түркологтар келген. Айта кетерлігі, биыл өңірде тағы бір Алтын адам табылып, көпті таң қалдырған еді. Алдағы уақытта облыста осындай тарихи жәдігерлерді зерттеу мақсатында зертхана ашылу көзделіп отыр. Форумға келген ғалымдар өңірге "Алтын Алтай" атауын беруді ұсынып отыр.

"Мен өңірдегі түрлі тарихи-мәдени жәдігерлерді көріп таң қалдым. Олармен танысу үшін осы форумға әдейі келдім десем болады. Бұл аймақ тарихын жандандыруға таптырмас мүмкіндік. Өлкенің тарихы өте бай, жалпы аймақты Алтай деп атаса да артық ептпейді",-дейді Франциядан келген ғалым.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel