RU
Ауа-райы болжамы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ауа-райы болжамы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Рассказать Вконтакте

9 қыркүйек күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы сақталады деп хабарлайды Қазгидромет орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: www.stihi.ru

Фото: www.stihi.ru

Тек еліміздің солтүстігінде, орталығы мен шығыс аумақтарында төмен қысым әсерінен жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Қостанайда найзағай болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с, шаңды дауылмен болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде наздағай болады. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel