RU
Түркістан облысындағы диқандар төбелесінен бір адам мерт болды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысындағы диқандар төбелесінен бір адам мерт болды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы диқандар төбелесінен бір адам мерт болды. Шардара ауданында полицейлер адам өлтірді деген екі күдіктіні ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"2018 жылғы 7 қыркүйекте Шардара АІІБ кезекші бөліміне аудандағы елді мекендердің бірінің маңында болған төбелес туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер клиентке таласып қалған диқандар төбелескенін анықтады. Төбелес кезінде қару қолданылған.

Соның салдарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза тауып, екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жедел әрекет нәтижесінде полицейлер екі күдіктіні ұстады. Олар - Түркістан облысының тұрғындары. Күдіктілердің бірінен аңшы мылтығы тәркіленді. 

Аталмыш дерек бойынша, Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталуда. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
4
3
4
0
0
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel