RU
Фируза Шарипова WIBA атағын жеңіп алды
Жаңалықтар Спорт

Фируза Шарипова WIBA атағын жеңіп алды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Санкт-Петербург қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде танымал ресейлік қарсыласын шаң қаптырып, WIBA атағын жеңіп алды деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Фируза Шарипова

Фото: Фируза Шарипова

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың арасындағы жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқтады.

Бокс кешін Қазақстанда "Хабар" телеарнасы тікелей трансляция жасап, оны әлемнің 100-ден астам елі тікелей эфирде көрсетті.

Айта кетейік, бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте "А2" аренасында өтті. Бокс кешінің нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз қарсыласы Куценконы кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. 10 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Осылайша, отандасымыз өзінің титулдарын қорғап ғана қоймай, жеңіл салмақта WIBA чемпионы атағына ие болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel