RU
Абхазияның премьер-министрі жол апатынан қаза тапты
Жаңалықтар Әлемде

Абхазияның премьер-министрі жол апатынан қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Абхазия премьер-министрі Геннадий Гагулия 8 қыркүйек түнде жол апатынан қайтыс болды деп жазады РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Абхазияның премьер-министрі. Фото: visualrian.ru

Абхазияның премьер-министрі. Фото: visualrian.ru

"Иә, біз бұл ақпаратты растаймыз. Жол апаты Мюссер бекетінен кейін болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, Геннадий Леонидович (Гагулия - ред.) ауруханаға барар жолда тірі болған. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ", - деді республика министрлер кабинетінің баспасөз хатшысы Диана Зантария.

Абхазия ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, алдын ала болжамдарға сәйкес, премьер-министр отырған көлік кюветке құлаған. Ауруханаға үш адам жеткізілді.

Абхазияның бас прокурорының қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Даур Амичбаның мәлімдеуінше, премьер-министр Геннадий Гагулияның көлігімен соқтығысқан ВАЗ жүргізушісі оқиға кезінде есірткіге мас болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel